Тіркеу орны: 8 (7222) 77-41-31, 77-44-53
Қабылдау бөлмесі: 8 (7222) 35-21-19
Пациенттерді қолдау қызметі: 8 (7222) 35-21-20, 35-21-04
Мекенжай: 35 квартал, 18Г

Медициналық ұйымдардың қызмет көрсету сапасын тәуелсіз бағалау

Медициналық ұйымдардың қызмет көрсету сапасын тәуелсіз бағалау қоғамдық бақылау нысаны болып табылады және медициналық ұйымдардың қызмет көрсету шарттарын мынадай жалпы критерийлер бойынша бағалауды көздейді:

  • ұйым туралы ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігі;
  • медициналық қызмет көрсету жағдайларының жайлылығы және оларды алудың қолжетімділігі;
  • медициналық қызмет көрсетуді күту уақыты;
  • медициналық ұйым қызметкерлерінің мейірімділігі, сыпайылығы, құзыреттілігі;
  • көрсетілген медициналық қызметтерге қанағаттану.

Медициналық ұйымдардың қызмет көрсету сапасына тәуелсіз бағалау жүргізудің мақсаты қандай?

Азаматтарды медициналық ұйымдардың қызметі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету.

  • Медициналық қызмет тұтынушыларының медициналық ұйымдардың қызметі туралы хабардар болуын жақсарту.
  • Медициналық ұйымдар қызметінің жекелеген көрсеткіштерін бағалау және олардың қызметінің тиімділігін арттыруға немесе оңтайландыруға бағытталған шараларды уақтылы қабылдау.
  • Медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру сапасына әсер ететін жағымсыз факторларды уақтылы анықтау және оларды жою.
  • Медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру сапасын арттыру.
  • Медициналық ұйымдар мен азаматтық қоғамның түрлі құрылымдары арасындағы диалог пен ынтымақтастықты дамыту.

Медициналық ұйымдардың қызмет көрсету сапасын тәуелсіз бағалау қандай міндеттерді шешуге арналған?

Медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселелері бойынша халықтың хабардарлығын арттыру.

  • Медициналық ұйымдардың осы қызметтерді ұсыну тәжірибесі туралы медициналық қызметтерді алушы азаматтардан мәліметтер алу.
  • "Интернет" желісіндегі ресми сайтында медициналық ұйымның жұмысы туралы ақпаратты ұсынудың медициналық ұйымдарға келушілер (пациенттер) мен өзге де мүдделі азаматтар үшін толықтығы, өзектілігі, ыңғайлылығы көрсеткіштеріне сәйкестігін белгілеу.
  • Медициналық ұйымдардың жұмыс сапасын арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
  • Медициналық ұйымдардың жұмыс сапасын арттыру.

Не бағаланады?

  • "Интернет" желісіндегі медициналық ұйымдардың ресми сайттарының ақпараттық толықтыру мен технологиялық қасиеттерінің сәйкестігі, медициналық ұйымда орналастырылған ақпараттық және анықтамалық материалдарды қабылдау үшін ақпараттық толықтыру мен қолжетімділікті бағалау, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі.
  • Медициналық ұйымдардың пациенттерінің (келушілерінің), оның ішінде тыныс-тіршілігі шектелген адамдардың қоғамдық күтулерін, мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттандыратын көлемде келушілердің сыртқы және ішкі абаттандырылуы мен болу жайлылығын сипаттайтын қажетті инфрақұрылым мен жағдайлардың болуы.
  • Пациенттерді (келушілерді) қабылдау процесін ұйымдастыру сапасын, оның ішінде дәрігердің қабылдауына жазылу тәртібін сақтау.

* Медициналық ұйымның медициналық қызмет көрсету нәтижесіне пациенттердің (келушілердің) жалпы қанағаттануын бағалау.

ҚҰРМЕТТІ ПАЦИЕНТТЕР!

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫН ТӘУЕЛСІЗ БАҒАЛАУҒА ҚАТЫСУЫҢЫЗДЫ СҰРАЙМЫЗ:

* Сайтта азаматтардың пікіріне тәуелсіз сауалнама жүргізу үшін сауалнаманы толтырыңыз https://ee.humanitarianresponse.info/x/2pcHtTCf

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗ БІЗ ҮШІН ӨТЕ МАҢЫЗДЫ!

Басшының блогы

Жіберу