2014 жылғы қыркүйектен бастап емхана Семей қаласы әкімдігінің 03.09.2014 жылғы №230 қаулысына сәйкес құқықтық мәртебесін өзгертті және шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға айналды. Емхана 2015 жылы 3 жыл мерзімге аккредиттеуден өтті. Емдеу мекемесін дәрігер-ұйымдастырушы Бекбаев Марат Қожахметұлы басқарады. Бірінші санатты дәрігер бірнеше рет Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапатталып, "Қазақстан Даңқы"орденімен марапатталды.
Миссия
Абай облысының ДСБ "Семей қаласының №4 емханасы" ШЖҚ КМК — қызметкерлердің кәсібилігі мен зияткерлік әлеуетін ұштастыру, заманауи жабдықтарды пайдалану және Семей қаласының №4 Емханасында пациенттердің болуының барынша қолайлы жағдайларын ұсыну негізінде пациенттерге сапалы медициналық қызметтер көрсету арқылы халықтың денсаулығын жақсарту.
Мақсаттымыз:
Халықтың денсаулығын жақсартуға ауруды ерте анықтау үшін скринингтік тексерулер жүргізу, вакцинация жүргізу, салауатты өмір салтын насихаттау және сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін және алғашқы медициналық-санитарлық және консультациялық-диагностикалық көмектің уақтылы көрсетілуін қамтамасыз ету арқылы қол жеткізіледі.
Тапсырмалар:
* Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының халық денсаулығын нығайту және сақтау жөніндегі іс-шараларын іске асыру, халық денсаулығының нысаналы индикаторларын орындау;
* Профилактикалық жұмысқа баса назар аудара отырып, МСАК әлеуметтік-бағдарланған моделінің тиімді жұмысын қамтамасыз ету;
* Жалпы дәрігерлік/отбасылық практиканы дамыту есебінен медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету.
* Қолда бар ресурстарды (қаржылық, материалдық-техникалық, кадрлық және т. б.) дұрыс жоспарлау, бөлу және тиімді пайдалану, материалдық-техникалық базаны нығайту; көрсетілетін медициналық қызметтердің түрлері мен көлемін кеңейту, қазіргі заманғы медициналық технологияларды енгізу арқылы кәсіпорынның экономикалық орнықтылығын қамтамасыз ету;
* Кәсіби кадрларды тарту арқылы кадр құрамын күшейту;
* Патриотизмді, азаматтықты, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауды қалыптастыру.
Құндылықтар
- жауапкершілік;
- алқалылық;
- кәсіпқойлық;
- ашықтық;
- құрмет;
- ашықтық;
Емхана Абай облысы, Семей қаласы, балалар мен ересектерге емдік-профилактикалық көмек көрсетеді. Емхана ғимараты 35-квартал көшесі, 18г Мекен-жайы бойынша орналасқан. емхана аумағында қызмет көрсетілетін халықтың барлығы 16 мың 400 адам емхана қызмет көрсететін аумақтың радиусы 27 шақырымды құрайды.
Негізгі құрылымдық бөлімшелер:
Емхананың қуаты-ауысымда 90 адам.
Емханада келесі мамандықтар бойынша мамандандырылған көмек көрсетіледі:
- офтальмологиялық,
- неврологиялық,
- отоларингологиялық,
- травматология және ортопедия, хирургия
- эндокринологиялық,
- рентгенологиялық,
- физиотерапиялық,
- Функционалдық диагностика,
- Ультрадыбыстық диагностика,
- психолог және әлеуметтік қызметкер,
- ішкі аудит және СПП
Емхана профилактикалық іс-шаралар кешенін өткізу арқылы жүзеге асырады:
"Семей қаласының №4 емханасы" ШЖҚ КМК науқастарға емдеу-диагностикалық көмек көрсетеді: