Басшының блогы
Назигүл Асылбекқызы Килибаева
Бас дәрігердің м. а. - Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты бар маман.
1991 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын педиатр дәрігері мамандығы бойынша бітірген. 1991 жылдан 1992 жылға дейін Семей мемлекеттік медицина институтының госпитальдық педиатрия базасында интернатурадан өтті.
Еңбек жолын 1992 жылы Семей қаласының балаларды қалпына келтіру орталығынан қабылдау бөлімінің дәрігері болып бастаған. 1993 жылдан бастап Семей қаласындағы №4 Қалалық балалар ауруханасында емшек бөлімінің дәрігері болып жұмыс істеді. 1997 жылдың шілдесінен бастап № 1 ТДМО клиникалық-биохимиялық зертханасының меңгерушісі қызметін атқарды. Клиникалық зертханалық диагностика мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты бар.
2007 жылдан 2015 жылға дейін Семей теміржол ауруханасының зертхана меңгерушісі қызметін атқарды. 2021 жылдан бастап ОА ДСБ "Семей қаласының №4 емханасы" ШЖҚ КМК бас дәрігерінің орынбасары лауазымында жұмыс істеді, 2023 жылдың мамыр айынан бастап бас дәрігердің міндетін атқарушы лауазымына ауыстырылды.
Хабар жазу үшін